Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» – дейді.
Жаңа Қазақстанда халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруда «су басынан тұнатыны» сияқты білім нәрімен сусындататын алғашқы сатысы отбасы мен балабақшадан бастау алатыны сөзсіз. Осы бағытта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген халық даналығын ескере отырып, әрбір кішкентай бүлдіршіннің бақытты өмір сүруі үшін жағдай жасауда, қызығушылықтары мен қабілеттерін ашуда және дамытуда «Жетісу облысы Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұжымы 1983 жылдан бастап балабақша жарғысы негізінде Жастар 47 шағын ауданында орналасқан, телефоны 8 (7282)-30-22-15, 40-04-85, 40 жыл аянбай еңбек етіп келеді.
Балабақша 280 балаға арналған және балаларға қазақ, орыс тілдерінде білім беріледі.