ОБЛАСТЬ ЖЕТІСУ, Г.ТАЛДЫКОРГАН, МИКРОРАЙОН ЖАСТАР, 47
27 февраля, 2023

«Білімді ұлт» сапалы білім берудің ұлттық жобасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасында: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, баланың дамуы мен әл-ауқатына ықпал ету, қазіргі жағдайда мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын танымдық дағдыларын қалыптастыру үшін педагог оқытудың жаңа әдістерін меңгеруі қажеттілігі» деп айқындап берді. Балабақша өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін т.с.с нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мектеп жасына дейінгі балаларды тілге бойлау негізінде дамытуға арналған бағдарламасы, Н.А.Зайцев әдістемесі, В.Воскобовичтің дамытушы ойындары, «ойын арқылы оқыту» қағидасы негізінде жүзеге асыруда.


Балабақша қызметінің негізгі мақсаты: әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашуына өз үлесін қосу болса, ал тәрбиелеу мен оқыту үшін басты мақсаты: баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны құру, физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, отбасымен бірлесе отырып бала тұлғасын дамыту.


Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда 40 жыл саналы тәрбие мен сапалы білім беріп келе жатқан балабақша тарихы қайталанбас деректерге толы. Балабақша педагогтері үнемі ізденіс үстінде жүреді. Оның айғағы, балабақша басшысы С.А.Сейлгазинова мектепалды даярлық сыныбына арналған «Қауіпсіз мінез-құлық негіздері», «Основы безоспасного поведения» электронды нұсқада оқу-әдістемелік құралын, «Н.А.Зайцевтің оқып үйренуге арналған ойындар жинағы» атты көмекші құралын, «Ән қоржыны» жинақ кітапшасын, мектепке дейінгі «Қарлығаш» бағдарламасы бойынша оқыту-әдістемелік кешенін, тәрбиеші Е.А.Боднардың «Риторика в детском саду. Учим говорить красиво» атты авторлық оқу – әдістемелік құралын, тәрбиеші Н.Б.Заводовская «Мультмедийные технологии» атты көмекші құралын әзірлеп, республика, облыс, қала көлемінде таратылуда.
Балабақша күн санап көркейіп, үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқандығы ұжымның іскер көшбасшысы Сандуғаш Айтмұханқызының ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қол жеткізудеміз, десек асыра айтқандық емес. Оның айғағы, 2018-2019 оқу жылынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы «Білім беру бағдарламалары орталығының» қазақ тіліне бойлау іс – тәжірибесін ендіру бойынша пилоттық балабақша болып бекітіліп, эксперименталдық жұмыс істеп келеді. Орталықтың мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің бөлім басшысы Байтенова Қаламқас Қыдырбекқызы біздің балабақшада 2022 жылдың қыркүйек айының 26 – 30 аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие: қазақ тіліне бойлау» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді, ұйымдастырылған семинар барысы «Центр образовательных программ СЕР» facebook парақшасына жүктеліп және облыстық «Жетісу» телеарнасының көгілдір экранында көрсетіліп, республика, облыс, қала көлемінде балабақша ұжымының іс-тәжірибесі таратылды.

КАК ЗАЧИСЛИТЬСЯ В ДОШКОЛЬНУЮ ОРГАНИЗАЦИЮ?

indigo

На портале электронных услуг АКИМАТА ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ e-zhetysu.kz Вы можете получить полную информацию: Как зачислиться в дошкольную организацию? Как подать заявление на постановку в очередь и многое другое. https://e-zhetysu.kz/