Балабақша қоржынына түскен жүлделі орын құтты болсын! 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы Башен Баймұратованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби құзыреттерін дамытудағы инновациялар мен тиімді тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық байқауына №42 балабақша басшысы Сандуғаш Айтмухановна, әдіскер С.А.Саметова және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының 4 курс студенті М.Е.Майлыбай белсене қатысып, балабақшаның озық педагогикалық тәжірибені кеңінен тарату және Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу-оқыту үдерісінде замануи әдістер мен технологияларды тиімді қолданып, жоғары әдістемелік тәжірибе көрсеткені және шығармашылық ізденімпаздығы үшін «Үздік педагогикалық идея» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

